Версия на русском языке Басты бетВиртуалдық қабылдауСайт картасыRSS лента

Жаңалықтарға жазылу

  

Сiздiң email енгiзiңiз

Қазақстан Республикасының 
Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Премьер-министр Казахстана

Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы

Ассамблея народа Казахстана

IPO

2020

Алтын сапа

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасы

Зейнетақы 
жүйелерін модернизациялау

казконтент

nif50k.nif.kz

Министерство 
регионального развития

«Стратегия-2050» Жолдауын іске асыру

Сарыбұлақ орта мектебi бойынша ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша өтiлген iс-шаралардың қорытындысы

Сарыбұлақ орта мектебi бойынша ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша өтiлген iс-шаралардың қорытындысыСарыбұлақ орта мектебi бойынша ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша өтiлген iс-шаралардың қорытындысы

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Жолдауы болып өттi. Жолдау — жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырудың басты құралы, әр мекеменiң алдағы мiндеттерiнiң негiзгi бағытын айқындайтын құжат болып табылатындығын мектебiмiзде жоспар құрылып, жұмыстар атқарылуда.

Мұғалiмдер арасында әр мұғалiм өз ойларын айтып, ортаға салды. Жолдаудағы мiндеттердi атқару бәрiмiздiң ортақ парызымыз және мiндетiмiз екендiгiн айтты. Барлық сыныптарда «Елбасының сенiмiн ақтаймыз» деген сынып сағаттары өтiлiп, болашақ жастарымызға Стратегияны жүзеге асыру және жастар үшiн үлкен мүмкiндiктер бар екендiгi туралы өз ойларын бiлдiрдi.

Сарыбұлақ орта мектебi бойынша ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша өтiлген iс-шаралардың қорытындысыСарыбұлақ орта мектебi бойынша ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша өтiлген iс-шаралардың қорытындысы

Оқушылар ұйымында «Президент Жолдауы — халық қолдауы» атты дөңгелек үстелдi аға тәлiмгер Альмуханова А.И. ұйымдастырып өткiздi. Мектеп түлектерi үшiн әсiресе, жастардың мәселесi жайлы жаңалықтарды тыңдау маңызды болды. Жастарға үздiк бiлiм, лайықты қызмет және зор болашақ сияқты жаңа мүмкiндiктер берудi мақсат тұтқан жаңа саяси бағытты үлкен қуанышпен тыңдады.

27.01.2014 ж.

ҚР Президентi «Қазақстан жол-2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» Жолдауына арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданында өткiзiлген iс-шаралар туралы мәлiмет

Мемлекет болашаққа қарағанда дамиды, осы болашақты бiзге Мемлекет басшысы Нұсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтiң жыл сайынғы жолдауы айқындайды. Президент әрбiр азамат жыл сайынғы Жолдаудың мазұмнымен таныс болуға шақырады. 2014 жылдың 20-21 қаңтарында барлық оқу мекемелерiнде Жолдауды талқылау бойынша отырыстар өткiзiлдi.

ҚР Президентi «Қазақстан жол-2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» Жолдауына арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданында өткiзiлген iс-шаралар туралы мәлiмет

Президенттiң жыл сайынғы Жолдауы.

ҚР Президентi «Қазақстан жол-2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» Жолдауына арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданында өткiзiлген iс-шаралар туралы мәлiмет

Жолдауды талқылауда әр түрлi материалдар қолданылды, мұғалiмдер советi, дөңгелек үстел, оқушылар кеңесi, сынып сағаттары және т.б.

АӘК кабинетiнiң
әдiскерi А. Ромазанова

30.05.2013 ж.

Жүрегімізге ерекше жол таба білген — Елбасы Жолдауы

Бүгінгі күн — қазақ елінің шежіресінде мәңгі енетін күн. Жылдың аяқталуына екі апта қалғанда Елбасы халыққа кезекті Жолдауын арнаған болатын.

Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бір жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.

Ұлт көшбасышысы осыдан 16 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғанын айтты. Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз — жөнді құбылыс.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», — деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, «Балапан», Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Мен тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу — абыройлы іс деп білемін. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес.

Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі — ел болашағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілінің де стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Бір қуантқаны, 12 жылдан соң латын әліпбиіне көшеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Пэрезиденті:

— Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады. Ұлттық мүдеге қызмет істеу үшін өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе? Тағы да қайталап айтамын, қазақ пен қазақ қазақша сөйлеуі тиіс. Қысқасы, алдағы 38 жылға арналған бұл құжат — Отанымызды кемел болашаққа апаратын, қиын жолымызда бағыт-бағдар сілтейтін жол серігі.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жастар да зор ынта-ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек.

Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ғана қолынан келетін іс екені белгілі. Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай рет зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын.

Тәуелсіздіктің тап бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы баянды да бақытты ғұмырымыз ұзағынан болғай. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болмақ...

Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.

Қазақстан көркейе берсін!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.

Елбасы бұл жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге әруақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар. Елбасы өз жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын қояды. Ол үшін инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігін баса айтады.

Елбасының бұл кемеңгер ойын барлық қазақстандықтар түсініп, қолдайды деген ойдамын. Өйткені стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен ықпалдасу біздің еліміздің экономикалық дамуына зор ықпалын тигізеді. Бұл қадам арқылы қазақстандықтар жаңалықты меңгереді, шыңдалады, тәжірибе жинақтайды, бір сөзбен айтқанда, еліміздің басқа шет елдермен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, терезесін теңестіреді.

Қазіргі уақытта еліміздің кейбір ғалымдары өз жобаларының аясына бірен-саран шетелдік ғалымдарды тартып, бірлесе жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. Алайда бұндай қадамдар баяу түрде іске асып, саны жағынан да саусақпен санарлықтай ғана. Елбасының келешек ұрпағымыздың өсіп-өнуі үшін жасап жатқан парасатты қадамдары өте мол. Еліміздің балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына арналған стратегиялық білім беру бағдарламалары жастардың білім мен ғылым жолында жан-жақты дамуларына, жаңа өзгерістерге төтеп бере алатын, заманауи техниканы меңгерген, өз ісінің шеберлері ретінде қалыптасуларына мүмкіндіктер беріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығы жайлы саясаты біздің еліміздің болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Елбасы елдегі көп ұлттың қамын ойлай отыра, тіл саясатына аса жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе, қазақ тілін жаңғырту үшін әліпбиімізді латынға көшіру қадамын — зиялы қазақ халқы аса қуанышпен қолдайтынына сенімдімін.

Мемлекет тарапынан қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жасалып жатқан ізгі іс-шаралар мемлекеттік тілдің тұғырын нығайта түсіп, қазақ тілінің, шын мәнінде, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуіне жол ашады деген Елбасының болжамы Қазақ Мемлекетінің құрылуына әкеледі. Қазақ мемлекетінде өмір сүру, еңбек ету өз Отанын сүйетін әрбір азаматтың, әсіресе, жаңа буын қазақстандықтардың арманы шығар деп ойлаймын.

Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі — стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Біздің басты мақсатымыз делінген Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», — деді Қазақстан Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді сараласақ, Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген негізгіміндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол — өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алапауыт мемлекеттердің қатарына ену.

Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасызету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту. Елбасы ұсынғанелімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт, білімсаласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол — жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген. Осыдан барып жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзінжақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс.

Бағдарламада Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі — елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі — ең асыл қасиет», — деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. «Тілге деген көзқарас — шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз», — деп Президент ел бірлігінің басты белгісі — қазақ тілі екенін баса атап өтті.

Елбасы сөз соңында: «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбек сүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойғасіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқыұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», — деп келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.

Елбасының еліміздің алдында қойған ұлы міндеттер орындалары сөзсіз, біз Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз.

Елбасының биылғы Жолдауының мәні де, мазмұны да ерекше. Онда «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты елімізді дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Ұзақ мерзімді жоспарда «2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамынқұру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп біздің басты мақсаттарымызды белгілеп берді. Сонымен қатар, жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттер қойылды.

Бізді айрықша қуантқаны — мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени дамуының жолдарын белгілей отырып, Жолдауда ұлттың рухани жаңғыруына баса көңіл бөлінгені. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Біз болашаққа көзтігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп тағы бір мақсатты айқындап, сол мақсатқа жетуде қазақ халқының рөлін көрсетіп, алдағы уақытта біздің мемлекет жаңа қазақстандық патриотизмге негізделгенқазақ тілді мемлекет болатынын айтып өтті.

Ал мазмұнына тоқтайтын болсақ, Жолдау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 1997 жылы «Қазақстан 2030» бағдарламасы қабылдағаннан бастапосы 15 жылдың ішінде бағдарламаның іске асырылуына қорытынды жасап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды: Біздің басты жетістігіміз — тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы, елімізде азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің орнығуы, нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлеуметтік қоғамның негіздерін қаладық. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын теуіп, әлемдік қауымдастық таныған елге айналғанымызды баяндап, ... «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп Н.Ә. Назарбаев ойын түйді.

Жолдаудың «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» депаталатын ІІ бөлімінде қазіргі жаһандану үрдісінен туындаған проблемалар сипатталған. Осыған орай келешекке бағыт алып, әрі қарай дамуымызды жоспралағанда осы проблемалар міндеттітүрде ескерілуі тиіс. Ойын қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бізшешуге тиісті міндеттер сапалық тұрғыдан өзгергенін, уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасына түзетулерді енгізілуі қажет екенін айтып өтті.

«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламасын данегізделген. Жаңа бағдарлама Жолдаудың үшінші бөлімінде орын алды.

Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Ендігі мақсат — Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенемін.

Желтоқсан айының 14-і күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары атты қазақстандықтарға кезекті жолдауын арнады. Осы жылғы жолдау Астанадағы жаңа ғана бой көтерген зәулім опера және балет театрында алғаш өтіліп оның ашылу салтанатымен пара-пар тұстас келуі де нұр үстіне нұр болғандай. Біз Елбасы бәріміз білетіндей ең басты бірінші орынға адамға қатысты мәселені қояды. Жуырдағы кезекті Елбасының Қазақстан халқына жолдауында ең басты орынға әлеуметтік саясатқа баса көңіл бөліп, халықтың қал-ахуалын жақсартып, өмір сүру сапасын жоғарылату көзделген. Бәріміз білетіндей 1997 жылғы қазан айында қабылданған «Қазақстан 2030» стратегиясында айқын астын сызып тұрып көрсетілген барлық міндеттер мен мақсаттардың мерзімінен бұрын орындалғанын айтып, мемлекеттің алдына 2050 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жаңа мақсатын қойды. Қазіргі таңда әлемдегі дамыған 130 елдің ішінен 51 орынға жетуіміз Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында деп ойлаймын. Бұл мақсатқа жету үшін қазақ елінің барлық мүмкіндіктері мен жағдайы бар екендігін өз жолдауында Елбасымыз атап өтті. Ол үшін өңдеу саласын 2025 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге арттыру қажеттігін айтты. Қазіргі таңда Қазақстанның ішкі және сыртқы әлеуметтік экономикалық тұрғысынан қарқынды дамып келе жатыр. Халықтың күн сайын әлеуметтік жағдай арта түсуде. Елімізде индустрия саласы да қарқынды дамуда. Жаңа кәсіпорындар бой көтеріп, адамдар жұмыспен қамтамасыз етілуде. Еңбек төлем ақысы мен зейнет төлем ақысы да жыл сайын көтерілуде. Халықтың демографиялық жағдайы күннен күнге арта түсуде. Елбасы Тәуелсіздік алған кезеңде еліміздегі таза қазақтың саны 6,8 млн құрап, жалпы халық санының 41% құраса, қазіргі таңда 11 млн жетіп 65% өскен. Халықтың қал-ахуалдары жақсарып, өмір сүру жасының өскендігін айтты.

Сонымен қатар Елбасының баса назар салып айтып кеткені, әрине, халыққа көрестілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін, әлемнің жаңа соңғы технологияларын қолдануда. Өскелең жастарға берілетін білім әлемдік стандарттарға сай озық оқыту технологиясымен жабдықталған оқу орындары атап айтсақ, әр облыстағы бой көтеріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті. «Қазақстан 2050» стратегиясында 2012 жылдан бастап Елбасымыз жоғарғы оқу орындарында халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болатын инжинерлік және техникалық мамандықтарды даярлау көзделіп, жоғарғы оқу орындары жалғыз білім беру саласымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар қолданбалы және ғылыми зерттеу салаларын құрып, оны одан әрі дамыту көзделген. Осындай оқу орындарын аяқтап, үлкен мамандық иесі болған өскелең ұрпақтың еліміздің елеулі ер азаматтары болатынына кәміл сенімдімін. Тағы бір жолдаудағы айтып кететін тарау емқазақ жазуын 2025 жылға дейін толығымен латын әріптеріне көшіруге дайындықтың басталғандығын айтып кетті. Терминологиялық, көне грек тілінен енген сөздердің аудармасын жасамай, мазмұнының сол қалпында қалып қолданылатыны қуантарлық жағдай. Елбасы қазақ тілінің мәртебесі қазақ қазақпен қазақша сөйлескенде ғана көтерілетінін атап кетті.

Бейбіт өмірі жарасымды діні мен салт дәстүрлері әртүрлі көп ұлтты мемлекетіміздің бір шаңырақ аясында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы халқымыз бір болып еліміздің жан-жақты дамуына ауқымды серпіліс жасап, жолдаудағы көрсетілген мақсаттарға жететінімізге сенім артады. Қазіргі таңда қазақ елін әлем мемлекеттері танып отыр. Соның бірі Ұлыбритания еліндегі болған олимпиядадағы еліміздің спортшыларының көрсеткен жетістіктері мен Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуінің жоспарлануы. Бұл үлкен көрме жобасының өтілуі мемлекет экономикасының бір үлкен серпіліс жасауына себеп болады. Бұл ғылым мен жаңа технологияның дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін ірі жоба болып табылады.

Ынтымақ, достықты ұран етіп, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізді. Мемелекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы оңтайлы саясат пен бірліктің арқасы. Ендеше еліміздің Тәуелсіздік тұғыры берік болып, Еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей.

Директордың ТЖ орынбасары
Мукушев К.М.
№ 2 Новоишим орта мектебі

«Қазақстан-2050» — стратегиясы қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зерттеу бойынша ақпарат

«Қазақстан-2050» — стратегиясы қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зерттеу бойынша ақпарат2012 жылғы 14 желтоқсанда Боровская негізгі мектебінде Қазақстан Республикасының Елбасы Жолдауын ұжымдық талқылауы өтті. Мектептің жайында Жолдауы бар стенд безендірілді, кітапханада Жолдаудың негізгі тезистері жазылған буклет дайындалды. Сынып жетекшілері «Я — гражданин Казахстана», «Лидер нашей Республики», «Казахстан — республика будущего», «Мы за светлое будущее с Лидером РК» тақырыптары бойынша сынып сағаттарын өткізді. 8–9 сыныптар «Мы за новый Казахстан» тақырыбына талқылау өткізді. Және 5–9 сынып «За строкой Послания» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді, бұл шараны дайындаған мектеп кітапханашы. Мектеп оқушылары «Горжусь тобой, мой Казахстан» суреттер конкурсына, «Мой Казахстан» шығарма конкурсына белсенді қатысты. Әлеуметтік ұстаз «Права ребенка в современном казахстанском обществе» тақырыбы бойынша семинар өткізді.

«Елбасының Жолдауы — мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыты» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңесінің отырысы өткізілді. Осымен қатар «Под флагом Казахстана» спорттық іс-шаралар өткізілді.

ТЖ орынбасары
Л.С. Вундер
Боровская негізгі мектебі

«Қазақстан-2050» — стратегиясы қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зерттеу бойынша ақпарат

«Қазақстан-2050» — стратегиясы қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зерттеу бойынша ақпарат

«Қазақстан-2050» — стратегиясы қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зерттеу бойынша ақпарат


16.05.2013 ж.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 статегиясы: қалыптастқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы туралы

Өзінің қалыптасу шағында өркендеу елдері әрқилы экономикалық сондай-ақ әлеуметтік қиындықтарды бастан кешеді. Осы кезде жас мемлекеттердің экономикасын, инфраструктурасын, әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту шағын міндетемелері ғана. Осыған байланысты мемлекеттің дамуы үшін салауатты статегиялық жоспарлаудың мәні өте зор.

Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетті, бүкіл халықты өмірдің барлық салаларында нақты нәтижелерге жетуге, біздің ауқаттылығымызды күннен күнге артыуна жетелеп келеді.

Н. Назарбаев өзінің жылдағы Жолдауында білім беру мағынасын көтеру үшін, инновацияларға дұрыс жағдай жасауға «Қазақстан-2050» негізгі қағидаларын баяндады. 2050-Стратегиясы — біздің Президентіміздің даналығы мен көрегендігінің дәлелі.

Біздің мектепте ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын көпшілік халыққа, әсіресе жастар үшін түсіндіру және насихаттауға арналған шаралар өткізілді.

5–11 сынып оқушыларының сынып жетекшілері «Қазақстан 2050» Стратегиясы тақырыбы бойынша әңгімелер өткізді. Оқушылар: еліміз бізді таниды, қайда барамыз, 2050 жылы қандай деңгейде болғымыз келетінің туралы айтты. Әсіресе Жолдауда спортқа, дене шынықтыруға, саламатты өмір сүруге өте үлкен мән берілгені ұнайды.

Балалар жастар ұйымының Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау отырысынан кейін мектеп президенті Е. Проциктің 2013 жылғы 28.02. № 28 облыстық «Молодежная жастар» газетінде біздің басты мақсатымыз: 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30 елдері қатарына қосылу туралы мақаласы жарық көрді. Ол үшін өміріміздің барлық салалары биік деңгейде болуы керек.

Біздің Президент ел өмірінде жастар орны ерекше деп атады. Елдің жастары оқуы, жаңа білім алуы, жаңа әдетке үйренуі керек, күнделікті өмірде өздерінің білімдерін ,технологияларды тиімді қолданулары керек.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 статегиясы: қалыптастқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы туралы7–8 сыныптарында наурыз айында «Незыблемые ценности человечества — приоритеты государства» танымдық және қызықты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар белсенді түрде Президенттің Жолдауы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, Елбасының жаңа ойларын өздері жүзеге асыру керек деп шешті. Мектеп кітапханасында «Қазақстан-2050 статегиясы: қалыптастқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы сөресі бар. Кітапханашы 10 сынып оқушыларымен «Послание Президента — ориентир на будущее» кітапханалық сабақ, 6 сынып оқушыларымен «За строкой послания» әңгіме өткізді.

Оқушылар Президент Жолдауын нақты өздеріне арнайтынын, еліміздің дамуына жастардың қосатын үлесіне көп көңіл бөлетінін айтты. Еліміз дамуы үшін және бақытты болашақ орнату үшін көп жұмыс істеу керек.

Шөптікөл орта мектебі
Директордың ТЖ орынбасары Н.В. Трофимова

16.05.2013 ж.

Елбасы жолдауын жүзеге асыру

Андреев орта мектебінің ұжымы Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы — тұрақты мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты жыл сайынғы Қазақ халқына жолдауын үлкен рухпен қарсы алды.

Дәстүр бойынша Президент өз жолдауында мемлекеттің барлық тіршілік өрісі мен көпшіліктің барлық қабатын қамтиды. Бұл елдің үшінші индустриалды көтеріліске дайындығы болсын, жаһандық қауіпсіздік болсын, таза су мәселесі болсын, демографиялық дисбаланс болсын. Дамудың жаңа жолын ұсына отырып, мемлекет басшысы өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Н.Ә. Назарбаев былай дейді: «Біздің еліміздің болашағы балаларымызды қалай тәрбиелеп жатқанымыздан тікелей тәуелді». Осы себепті оқыту үрдісінде тәрбие бөлігін күшейту — патриотизмді, адами және адамгершілікті, ұлттық ынтымақты және толерантності, заңды ұстана білуді, рухты дамыту.

Елбасы жолдауын жүзеге асыруБұл мақсат әрқашанда өзекті болады. Теодор Рузвельт айтпақшы «адамға рухани тәрбие бермей тек зиятты тәрбиелеу — бұл елге қауіп тудыру». Бүгінгі күнде Президент Жолдауын жүзеге асыру жүргізілуде.

Президент Жолдауының негізгі бағыттарын анықтау, жүзеге асыру, насихаттау барысында мектепте іс-шаралар жүргізілуде. Оған оқушылар, ата-аналар ұжымы, педагогикалық ұжым қатысады.Елбасы жолдауын жүзеге асыру

Мектепте Жолдау материалы бойынша стенд жасалынған. Барлық сыныптарда «Жолдаумен бірге», «Халық қызығушылығы — Президент қамы», «Бір жанұяда», «Ұлт лидерінің идеясын қолдаймыз» атты сынып сағаттары өткізілді. Мұғалімдер материалды оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірледі.

Мектеп кітапханасында «Жолдау іске асуда» атты көрме және стенд жасалған.

Қазақстандық патриотизмді дамыту мақсатында, мектепте ашық сабақтар онкүндігі өтті. Онда патриоттық тәрбиенің міндеттері анық көрсетілген, ИКТ қолданылған. Осы сәтте Наурыз мейрамына арналған іс-шараны айтып өтуге болады. Оқушылар осы мейрамда қазақ халқының салт-дәстүрімен тереңірек танысты, ұлттық салты көрсетуге қатысты қазақтың бауырсағының орыстың құймағының, украиннің бозторғайының дәмін татты.

Рухани тәрбиеде мектептің «Өзін-өзі тану» курсының рөлі маңызды. Ақпанда рухани-сана тәрбиесі бойынша «Бәрі де махаббаттан бастау алады» атты онкүндік өтті. Онкүндік іс-шараларға қонық болды. Оқушылар өзін-өзі тану мұғалімдерінің басшылығымен «Сенің жаныңның мейірімі» атты өлең конкурсын, мейірімділік пен әдемілік жайлы сурет конкурсын, қуаныш шеңберін дайындады. Іс-шаралар оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Ата-аналар бала тәрбиесінің негізі болып саналады. Тәрбиелеуге бағытталған біріккен еңбек қана оң нәтиже береді. «Менің қымбатты отбасым» акциясы да қызықты өтті. Акцияға мектеп оқушылары, шағын-орталық тәрбиеленушілері және ата-аналар қатысты. Акция шеңберінде «Менің отбасым» атты 1–7 сыныптар арасында сурет конкурсы өтті. 1–11 сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесе отырып «Менің бақытты отбасым » атты газет шығарды. Олар газетте өз отбасылары жайлы шығарма жазды, суреттер тапсырды. Шағын-орталықта «Мейірімділік мейрамы» өтті. Оған ата-аналар белсенді түрде қатысты.

Бәсекеге тұрарлық 30 елдің қатарына енуге талпынған біздің елдің жаңа қоғамында дене тәрбиесі мен спорттың алатын орны ерекше. Біздің оқушылар спорттың әр түрімен белсенді айналысады. Шевченко Виктор, Пульный Николай, Брагинец Вероника, Щербак Ирина, Калашникова Лариса шаңғы жарысынан аудандық және облыстық жарыстардың неше дүркін жеңімпаздары. Қысқы Президенттік көпсайыста біздің оқушылар ауданда 2 орынды, үстел тенисінен жалпыкомандалық 3 орынды иемденді. Осының барлығы дене тәрбиесі мұғалімі М.С. Қабдұннасов еңбегінің арқасы.

Елбасы жолдауын жүзеге асыруМектепте әскери-патриоттық айлық өткізу жақсы дәстүрге айналды. Осы жылғы іс-шара Ұлы Отан Соғысының 68-жылдығына арналған. Сынып сағаттары, ҰОС ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлердің қатысумен Ерлік сабақтары өткізілді, туған өлке мұражайына саяхат жүргізілді. Барлық сынып оқушылары қатысқан саптық ән байқауы есте қалды. Өзіндік ерекшеліктерімен, саппен жүруден, өлеңімен және көрермендерді 3 сынып оқушылары таң қалдырды. Олар өз жас тобында 1 орынға ие болды. Жоғарғы буында 1 орынды 11 сынып, ортаңғы буында — 8 сынып иемденді. Үздік командирлер болып Черняева Ангелина (3 сынып), Пронин Станислав (8 сынып), Әлмұқанова Перизат (11 сынып) аталды. Елбасы жолдауын жүзеге асыру

Бүгін біз «2050-Стратегиясы» біздің жолымыздың белгілі кезеңдері, ал қойылған міндеттерді шешу уақыт еншісінде екенін білеміз. 1997 жылғы Қазақстан халқына бірінші жолдауының эпиграфы ретінде мемлекет басшысы қазақ халқының мына мақалын алған «Кешегі күннен алыс, ертеңгі күннен жақын жоқ». Уақыт ешқашан орнында тұрмайды, ол әлемге жаңа талаптар қояды. Уақыт бізді жаһанданудың барлық сұрақтарына жауап беруге үйретті, және біздің таңдауымыздың, мықты және тәуелсіз мемлекет құруға қабылданған шешімдеріміздің дұрыстығын арқашан дәлелдеді. «Қазақстан-2050» құжатымен біз уақытты жаңадан санауды бастадық. Осы жолға күшіміз жететініне сенімдіміз.

Андреев орта мектебінің
ТЖ орынбасары Л. Брагинец

12.04.2013 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Күш бірлікте» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу туралы ақпарат

Біздің мектепте, Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша кеңкөлемде жұмыстар ұйымдастырылған.

«Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша бастамашыл топ құрылған және іс-шаралар жоспары әзірленген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Күш бірлікте» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу туралы ақпарат15 желтоқсан күні 42 мектеп жұмысшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын оқып, талдау бойынша педкеңес өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі ережелерін айқындайтын стенд ресімделген.

Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруші буклетер ресімделіп, материалдар әзірленген.

24 желтоқсан күні барлық сыныптарда Жолдауды түсіндіру бойынша сынып сағаттары өтті.

1–4 сыныптарда «Менің Қазақстаным — менің болашағым» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бұл сынып сағаттарының мақсаты Елбасының жылсайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауымен оқушыларды таныстыру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту. Сынып сағаттары келесі жоспарлар бойынша өтті: ұйымдастыру кезеңі, Президент Жолдауы туралы мұғалімдердің сөзі, сынып сағатын қорытындылау, оқушылардың тақпақтар оқуы. Барлық сынып сағаттары кезінде психологиялық атмосфера, мұғалімнің кейпі, оқушылармен тығыз байланысы сақталды, барлық оқушылар сынып сағатының соңында мұғалімнің сұрақтарына еш қиындықсыз жауап берді. Соңғы сұрақ: (Өз Отаның мақтан ететіндей болашақта сендер не істейсіңдер?) оқушылар: «Жақсы оқып, оқуда, спортта үлкен нәтижеге жетеміз», — деп уәде берсе, кейбіреулері, ұлы ғалым, әртіс, спортшы боламыз», — деп сендірді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Күш бірлікте» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу туралы ақпарат

5-7 сыныптарда сынып сағаты «Әр қазақстандық және еліміздің игілігі үшін» атты тақырыпта өтті. Сынып сағатының мақсаты: құжаттардың құрылымдық мазмұнымен таныстыру, еліміздегі көлемі жағынан үлкен экономикалық, саяси және әлеуметтік құжаттардың мазмұны туралы білімдерін қалыптастыру. Сынып сағаттары келесі жоспарлар бойынша өтті: мұғалімнің сөзі, (1997-2012 жылдардағы Президент Жолдауының өзектілігі туралы), танымдық кезең, Жолдау мазмұнының көрінісі, топпен жұмыс (оқушылар оқтын-оқтын шығатын басылымдардың материалдарымен жұмыс жасады) рефлекция «Менің Қазақстаным» бейнероликтер көру). Сынып сағаттарының барлық материалдары слайд түрінде көрсетіледі. Іс-шаралардың барлық кезеңі бір-бірімен қисынды байланыста.

Жоғары сыныптарда сынып сағаты «Тұрақты даму бағдарламасы» тақырыбында өтті. Сынып сағаттары келесі жоспарлар бойынша өтті: кіріспе кезеңі (Мемлекеттік Гимнді орындау, Президент Жолдауының хронологиялық өзектілігі туралы, сөздік жұмыс, көптілділік) танымдық кезең, жинақтау (сұрақтар бойынша сұхбат), рефлекция (1. ойдың шашырауы; 2. синквейн). Сынып сағаты қойған мақсатқа жетті, бұл қойылған сұрақтар бойынша оқушылардың жауабынан көрініс тапты (болашақта қазақстандықтарды қай жағынан елестетемін?) «Болашақ қазақстандық білімді, еркін, үш тілді меңгерген, еңбекқор, отансүйгіш және бізде солар сияқты боламыз. Біздің іске асырып жатқан ісіміз, 2050 жылы Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына енгізетініне сенімдіміз!»

25 қаңтар күні «Лидер» МБҰ-ның активтерімен «Бүгінгі жетістікпен — келесі табысқа» атты тақырыпта жиналыс өтті. «Лидер» МБҰ-ның Президенті қатысушылар алдында ҚР Президенті Жолдауының қысқаша мазмұны жайлы сөз сөйледі, және өз сөзін: «Жаңаша динамикалық дамушы қоғамда, әлемдік білім кеңістігіне жеңіл де, еш қиындықсыз ену үшін табысты, бәсекелестікке қабілетті түлектер тәрбиелеу, басты тапсырма болып табылады. Біз өз Президентіміздің сенімін ақтаймыз және өз еліміздің бәсекелестікке қабілетті жастары боламыз» деген сөздермен аяқтады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Күш бірлікте» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу туралы ақпаратҚазақстан тарихы және география пәндері сабақтарында Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша сұхбат жүргізілді. Ағымдағы жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін, орыс тілінен келесі сабақтар өткізілді: «Сөйлемдердегі сан есімдердің рөлі» (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы материалынан), « Күрделі, көпмүшелі, әртүрлі синтактикалық байланысқан сөйлем» (ККС) Қазақстан Президентінің Жолдауын оқу», «Сөйлеуге негізделген сөз жанрын құра білу. Публицистикалық стилде жазбаша түрде өз ойын білдіру. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының мәтінімен жұмыс», «Жағдайларды есепке ала отырып, сөзді дұрыс құрастыра білу». Барлық сабақтар жоғары деңгейде өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі ережелерімен таныстыру бойынша 15 наурызда ата-аналар жиналысы болып өтті.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары
Каршкова А.Н.

 

Президент Жолдауын жүзеге асыру (12.04.2013 ж.)

Шұқыркөл орта мектебінде Елбасымыздың «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауын насихаттау жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр (14.03.2013 ж.)

Қазақстан жастары — еліміздің жарқын болашағы (14.03.2013 ж.)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша іс-шаралар өткізу жөнінде есебі (25 ақпан 2013 ж.)

«Президент Жолдауы — халық қолдауы» (18 ақпан 2013 ж.)